Ердоған Тоқаевты Түркияның ең жоғары мемлекеттік наградасымен марапаттады
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевты «Devlet Nişanı» орденімен марапаттады, деп хабарлайды Arbat.Media.
«Devlet Nişanı» — Түркия Республикасының ең жоғары мемлекеттік наградасы. Президент Режеп Тайип Ердоғанға және барша түрік халқына шынайы алғыс айтты.
«Мен отандық немесе шетелдік орден және басқа да марапаттарды қабылдаудан бас тарттым. Алайда бүгінгі сіздің шешіміңіздің мән-маңызы ерекше деуге болады. Бұл – қазақ-түрік ынтымақтастығы жылнамасындағы мағынасы терең тарихи оқиға. Сіз осы шешіміңізбен бабаларымыздың аманатына берік екеніңізді тағы бір мәрте көрсеттіңіз», - деді Тоқаев.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайып Ердоған Қазақстан-Түркия Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің 5-ші отырысын өткізді. Сонымен қатар мемлекет басшысының Анкараға ресми сапарының аясында 18 үкіметаралық және ведомствоаралық құжатқа қол қойылды.