Кәмелетке толмаған жасөспірімді зорлаған дам Ресейге қашып кеткен
Халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Ресейден экстрадицияланды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бас прокуратураның мәліметінше, кәмелетке толмаған жасөспірімге сексуалдық зорлық жасады деген күдікпен Қазақстан азаматы Ресейде ұсталды.
Оқиға 2024 жылдың қараша айында Қостанай облысында болған. Ол қылмыс жасағаннан кейін елден қашып, халықаралық іздеуде болған.
Күдікті Ресейдің Челябі облысында ұсталып, Қазақстанға жеткізілді. Қазір тергеу жүріп жатыр.
Оған 15-17 жылға бас бостандығынан айыру жазасы және өмір бойына белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым салынуы мүмкін.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: