Көлікті тастап, қашып кеткен: теміржолда екі рет жол апаты бола жаздады
Теміржолда екі рет жол апаты бола жаздады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бірінші жағдай Тараз - Шу учаскесінде болды. Теміржол өткелінде электровоз машинисі жеңіл көлікпен соқтығыса жаздады. Машинист шұғыл тоқтауға мәжбүр болған.
Салдарынан пойыз уақытынан 22 минутқа кешіккен.
Екінші оқиға Арыс – Түлкібас учаскесінде болды.
Автокөлік жүргізуші оқиға орнынан қашып кетіп, пойыз уақытынан 16 минутқа кешіккен.
Екі факт бойынша да тергеу жүріп жатыр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: