Көшпенділер ойыны: Қазақстан медальдар санын 86-ға жеткізді
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform
Kazinform
Қазақстан жаңалықтары13 қыркүйек 2024, 0:55

Көшпенділер ойыны: Қазақстан медальдар санын 86-ға жеткізді

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бесінші жарсы күнінде қазақстандық спортшылар медальдар санын 86-ға жеткізді. Отандастарымыз ел қоржынына 6 алтын, 7 күміс, 5 қола жүлде сыйлады. Жалпы есепте Қазақстан қоржынында 32 алтын, 24 күміс, 27 қола жүлде бар. Осылайша, жалпы есепте спортшыларымыз бірінші орында келе жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ал бүгін Қырғызстан құрамасы бір күнде 6 алтын медаль, 4 күміс, 5 қола медаль жеңіп алып, екінші орынға көтерілді. Олардың еншісінде жалпы 16 алтын, 17 күміс, 20 қола жүлде бар, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Ал үздік үшінші орында келе жатқан Өзбекстан құрамасының еншісінде 11 алтын, 12 күміс, 11 қола медаль болса, төртінші орынға 11 алтын, 10 күміс, 24 қола медаль жеңіп алған Ресей құрамасы иелік етіп келеді. Бестікті 2 алтын, 2 күміс, 2 қола медальмен Түркия құрамасы түйіндеп тұр.

Бүгінге дейін жалпы 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жүлдесі 32 мемлекеттің спортшыларына бұйырды.

көшпенділер ойыны медальдар саны

Тақырыпқа жаңалықтар