көшпенділер ойыны

көшпенділер ойыны - Қазақстандағы жалғыз еуразиялық порталдағы соңғы жаңалықтар тізімі. туралы жаңа ақпаратты оқыңыз 【көшпенділер ойыны】 жаңалықтар Arbat media
13 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Шотландиялық жас жұбайлар Көшпенділер ойынына бал айын өткізуге келді

Шотландиядан келген ерлі-зайыпты Силке Маес пен Киеран Шэннон некесін тойлаудың ерекше әдісін таңдады. Саяхатшы жас жұбайлар бал айын Астанада Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында өткізуді ұйғарған. Ерлі-зайыптылар Қазақстанға 10 күн бұрын келген, бұл олардың Орталық Азияға алғашқы сапары. 

13 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Көшпенділер ойыны: Қазақстан медальдар санын 86-ға жеткізді

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бесінші жарсы күнінде қазақстандық спортшылар медальдар санын 86-ға жеткізді. Отандастарымыз ел қоржынына 6 алтын, 7 күміс, 5 қола жүлде сыйлады. Жалпы есепте Қазақстан қоржынында 32 алтын, 24 күміс, 27 қола жүлде бар. Осылайша, жалпы есепте спортшыларымыз бірінші орында келе жатыр. 

11 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Көшпенділер ойыны: Көк бөріден жолдама алған командалар белгілі болды

Астанада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көк бөріден ақтық сынға жолдама алған командалар белгілі болды. «Қазанат» ипподромында 4 елдің шабандоздары додаға түсіп, нәтижесінде Қазақстан көк бөрі командасымен Қырғызстан көк бөрі командасы ертеңгі өтетін финалдық бәсекеге жолдама алды. 

11 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

«Кабирхан» қатысқан ат бәйгесінің режиссері Көшпенділер ойынына келді

Британдық режиссер Джонатан Эдвардс «Қазақстан» телерадиокорпорациясының шақыруымен Астанада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойынына келді. Әлемдік деңгейдегі ат жарыстары мен спорттық шаралардың режиссері 13 қыркүйек күні «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетілетін бәйгенің трансляциясына режиссерлік етеді. Бүгін «Қазақстан» телерадиокорпорациясының түсірлім тобымен бірге «Қазанат» ипподромында болып, Корпорацияның техникалық мүмкіндіктерімен танысты. 

11 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Көшпенділер ойыны: Қазақстан алтын медальдар санын 21-ге жеткізді

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының үшінші жарыс күнінде қазақстандық спортшылар 7 алтын, 7 күміс, 9 қола медаль жеңіп алды. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы алтын медальдар санын 21-ге жеткізіп, жалпы есепте көш бастап келеді. Нақтырақ айтсақ, үшінші жарыс күнінің қорытындысы бойынша отандастарымыз 21 алтын, 10 күміс, 17 қола (48) медальмен жалпы есепте көш басында. 

9 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Қазақстандық екі спортшы көшпенділер ойынында қола жүлде жеңіп алды

Қазақстан мас-рестлингтен ұлттық құрамасы спортшылары Бірімжан Асылмұрат және Тахмина Қожамбердиева V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қола жүлдесін қанжығалады. Алау спорт кешенінде өтіп жатқан бәсекеде, Бірімжан Асылмұрат (65 келі) монголиялық спортшы Тцеренцогол Пуревсуренмен қола жүлдеге таласып, қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсті.

9 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Көшпенділер ойыны: Қазақ күресінен балуандарымыз бір күнде 8 алтын жеңіп алды

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақ күресінен отандастарымыз бір күнде 8 алтын медаль жеңіп алды. Алтыншы алтынды ел қоржынына әйелдер арасында 60 келі салмақта сынға түскен Бақыт Құсақбаева жеңіп алса, жетінші алтын жүлдені ерлер арасында 66 келіде Дидар Тұқышев иеленді. Ал сегізінші алтын жүлдені 74 келі салмақта тағы бір отандасымыз Жұмажан Қожамбеков жеңіп алып, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойынының чемпионы атанды. 

9 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Көшпенділер ойыны: Қазақ күрес шеберлері екі алтын медаль алды

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақ күресінен ел қоржынына екі алтын медаль түсті. Алғашқы алтынды әйелдер арасында 48 келі салмақта ел намысын қорғаған Айжан Жылқыбаева жеңіп алды. Ол финалда қырғызстандық қарсыласы Л.Асакеевадан айласын асырды. Ал ерлер арасында 55 келі салмақта Бекжан Төлепов финалда тағы бір қырғызстандық балуанды қапы қалдырып, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының чемпионы атанды. 

8 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Көшпенділер ойыны: Жамбы атудан жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алғашқы жарыс күні жамбы атудан жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады. «Қазанат» ипподромы маңындағы этноауылда спортшылар жамбы ату спорт түрінің Мажар стилі бойынша алғашқы медальдарды сарапқа салады. Жалпы бұл сайысқа 27 мемлекеттен 78 спортшы қатысады деп күтілуде.