Қазақстан жаңалықтары8 маусым 2024, 13:00

МӘМС-тің миллиондаған қаржыны негізсіз жаратқаны анықталды

Қазақстанда Мемлекеттік әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2016 жылы құрылған еді. Қазір коммерциялық емес қордың есебінде 336 628 761 075 теңге бар. Сомманы долларға шақсақ, шамамен 7,5 миллиардтан асады, - деп хабарлайды Arbat.media.

2023 жылы қордағы 86 миллион АҚШ доллары негізсіз жаратылғаны белгілі болды.

Іnbusiness.kz келтірген дерекке сүйенсек, 425 қызметтік өрескел қателік пен жүйелі жұмыс қызметінің 108 жетіспеушілігі тіркелген. Оған қоса, пандемия тұсында қор құрылтайшылары сыбайлас жемқорлық жасағаны анықталды.

Сондай-ақ портал МӘМС жүйесінің бастапқы мақсатынан тайқып бара жатқанын алға тартады. Мәселен, халықты ақпараттандыру, медицина жүйесін технологиялау, мамандардың білігін арттыруға 5 жыл бекітілгенімен, кадрлық ауыс-түйістер бастапқы тұжырым түйінін өзге арнаға бұрып жатыр.

Биыл бұл мәселеге Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі назар аударып, Үкіметке ерекше бақылауға алуды тапсырды.

МӘМС миллиондаған қаржы негізсіз жарату Қазақстан

Тақырыпқа жаңалықтар