Мақпал Жүнісова өміріндегі әділетсіздікке толы сәтті еске алды

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова өткен өміріндегі ауыр сәттердің бірімен бөлісті, деп хабарлайды Arbat.Media Sn.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Әнші өзінің архивтік видеосын жариялап, бір байқауда жеңіске жеткеніне қарамастан, финалға қатыса алмағанын еске алды.

"Алматыда өткен осы конкурста 3000 адамнан бірден көзбе-көз дауыс жиналды, мен жеңіп шыққан едім. Финалға Москваға дайындық екі ай жүрді, бірақ екі апта қалғанда осы іріктеуде мүлдем қатыспаған Бақтияр Тайлақбаев барады деп мәдениет министрлігінен хабар келді. Мен жылап жаман болған кез еске түсті", – деп жазды Мақпал Жүнісова.

Мақпал Жүнісова өмір әділетсіз жағдай

Тақырыпқа жаңалықтар