Осы апта ауа райы қандай болады?
9–11 маусым аралығында еліміздің үш ірі қаласында ауа райы құбылмалы болады. Синоптиктер жауын-шашын, найзағай және жел күшеюі мүмкін екенін ескертеді, деп хабарлайды Arbat.Media.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, елордада алдағы үш күнде ауа райы келесідей болмақ:
- 9 маусым: түнде жаңбыр, найзағай, күндіз бұлт аралас. Солтүстік-шығыстан соққан жел– 9–14 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с. Температура: түнде +12…+14°, күндіз +21…+23°
- 10 маусым: жауын-шашынсыз, жел – 9–14 м/с. Температура: түнде +12…+14°, күндіз +24…+26°
- 11 маусым: жауын-шашынсыз, күн ашық. Жел шығыстан – 9–14 м/с. Температура: түнде +13…+15°, күндіз +27…+29°
Алматыда қала тұрғындары үш күн қатарынан найзағайлы жауын мен 30 градустан жоғары ыстыққа тап болады:
- 9 маусым: қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай. Жел – 3–8 м/с. Температура: түнде +17…+19°, күндіз +30…+32°
- 10 маусым: найзағай кезінде желдің екпіні 17–22 м/с. Температура: түнде +21…+23°, күндіз +27…+29°
- 11 маусым: найзағай және жел екпіні 13 м/с дейін жетеді. Температура: түнде +17…+19°, күндіз +28…+30°
Оңтүстіктегі мегаполисте де күн күркіреп, жаңбыр жауады. Алайда температура жоғары болып қалады:
- 9 маусым: күндіз жаңбыр, найзағай, жел – 8–13 м/с. Температура: түнде +20…+22°, күндіз +32…+34°
- 10 маусым: солтүстік-батыс желі15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Температура: түнде +20…+22°, күндіз +32…+34°
- 11 маусым: найзағайлы жаңбыр жалғасады. Жел – 15–20 м/с. Температура: түнде +20…+22°, күндіз +30…+32°
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: