Жамбылда асыранды баланы әкесі өлтірді деген күдікке ілінді
Жамбыл облысында 10 жасар баланың қаза болды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Қайғылы оқиға өңірде бала асырап алған отбасылардың бірінде болған. Баланың өліміне дейін оған қатыгездік көрсетілген болуы мүмкін деген күдік бар. Бұл отбасында тағы төрт асыранды бала тәрбиеленіп жатыр.
Жамбыл облыстық полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын растады.
"Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті "ізін суытпай" ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу жан-жақты, объективті және толық көлемде өтеді", — деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.
Тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жарияланбайды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: