Қарағандыда ғимараттың бір бөлігі құлады
Қарағандыда жөндеу жұмыстары жүріп жатқан ғимараттың бір бөлігі құлап, 15 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Өңірлік ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 29 шілде күні сағат 15:45-те Қазыбек би ауданы, Ерубаев көшесінде 4 қабатты, пайдаланылмай тұрған ғимараттың бір бөлігі опырылып түскен.
150 шаршы метр аумақта шатырдың ағаш қаңқасы, үшінші қабаттан бірінші қабатқа дейінгі аралық жабындылар, сыртқы қабырға және баспалдағы құлаған.
ТЖД қызметкерлері ғимараттан жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан 15 адамды эвакуациялады. Ғимарат ішінде қалып қойған басқа адамдардың бар-жоғы тексерілді. Оқиға орнында зардап шеккендер жоқ.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: