Қазақ қызы әлемнің ең үздік жас өнертапқыштарының үштігіне кірді
Ол 11-сынып оқушысы Дана Қадырбек. Оқушы Алматы қаласындағы №79 гимназияда білім алады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Ол наноматериалдар негізінде жұмыс істейтін ерекше құрылғы ойлап тауып, оны өз қолымен құрастырған. Жобаның басты ерекшелігі құрылғы электр қуатынсыз-ақ ауадан су өндіре алады.
Жас өнертапқыш жобасын биыл сәуірде Венада өткен Cleantech Days Forum форумында таныстырды. Оның жобасы қатысушылар тарапынан жоғары бағаланды.
Тіпті Эфиопия, Сейшел және Барбадос елдерінің министрлері ауызсумен қамтамасыз ету мүмкіндіктерін талқылау үшін қазақстандық оқушымен байланысқа шыққан.
Қазір құрылғы елдегі құрғақ аймақтарда пилоттық режимде іске қосылмақ.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: