Қазақстан Ресейден XVII ғасырда жазылған бірегей парсы қолжазбасын алды
«Архив-2025» бағдарламасы аясында Қазақстанның Ұлттық қолжазбалар және сирек кітаптар орталығы Ресейден табылған тарихи құжаттың көшірмесін жарыққа шығарды. Ұлттық орталықтың мамандары 2022 жылы Мәскеуге жасаған ғылыми-зерттеу сапары кезінде Қазақстан тарихына қатысты деректері бар XVII ғасырдың парсы тіліндегі «Тарих» қолжазбасын зерттеген еді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Кітап Мұхаммед Хайдар Дулаттың «Тарих-и Рашиди» кітабының жалғасы ретінде ұсынылған және Қазақ хандығының тарихын зерттеуде үлкен маңызға ие. Кітапта Қазақ хандығы, қазақтардың Шығыс Түркістандағы моғол билеушілерімен қарым-қатынасы туралы қызықты мәліметтер берілген, деп хабарлайды Kazinform ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шах Махмуд ибн Мирза Фазыл Чурас (шамамен 1694 жылы қайтыс болған) — Моғолстан тарихы бойынша бірнеше еңбектің авторы. Ол өз шығармаларын 30 жыл жазып, шежіре білгірі ретінде танылған. Шах Махмудтың «Тарих» атты еңбегі Шығыс Түркістан халықтарының тарихы ғана емес, Қырғызстан, Қазақстан, Орта Азия үшін маңызды дерек болып саналады.
Кітап Мұхаммед Хайдар Дулаттың «Тарих-и Рашиди» кітабының жалғасы ретінде ұсынылған және Қазақ хандығының тарихын зерттеуде үлкен маңызға ие. Кітапта Қазақ хандығы, қазақтардың Шығыс Түркістандағы моғол билеушілерімен қарым-қатынасы туралы қызықты мәліметтер берілген.
Шах Махмуд ибн Мирза Фазыл Чурас (шамамен 1694 жылы қайтыс болған) — Моғолстан тарихы бойынша бірнеше еңбектің авторы. Ол өз шығармаларын 30 жыл жазып, шежіре білгірі ретінде танылған. Шах Махмудтың «Тарих» атты еңбегі Шығыс Түркістан халықтарының тарихы ғана емес, Қырғызстан, Қазақстан, Орта Азия үшін маңызды дерек болып саналады.
Кітап алғаш рет 1913 жылы Ташкентте Бақи-Жанбайдың жеке қолжазба қорынан табылған.