Павлодар облысында жантүршігерлік жол апаты болды
Павлодар облысында Lexus көлігінің жүргізушісі жолдан шығып кетіп, оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды Arbat.Media.
Павлодар облысы Полиция департаменті мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 16 қазанға қараған түні Баянауыл ауданында болған.
"Алдын ала деректер бойынша, Lexus RX 330 жүргізушісі рульге ие бола алмай, Қалқаман – Керней тасжолы бойында, Бірлік ауылының маңында жол жиегіне шығып кеткен", – деп хабарлады полиция.
Қайғылы оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. Жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Айта кетейік, зейнетақы қорынан 6 млрд теңге жымқырған «тіс дәрігерлерінің» бірі қолға түсті.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: