Қазақстан ҰҚШҰ-ның Минскіде өтетін бірлескен сессияларына қатысады
Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов ҰҚШҰ бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовпен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Кездесуде Ғизат Нұрдәулетов пен Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ-ның жауапкершілік аймағындағы қазіргі жағдай туралы пікір алмасты, сондай ақ Ұйым аясындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарына қатысты ауқымды мәселелерді қарастырды.
«ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов биыл қарашада Беларусь Республикасында өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына және Ұйымға қарасты Сыртқы істер министрлері кеңесінің (СІМК), Қорғаныс министрлері кеңесінің (ҚМК) және Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің (ҚКХК) бірлескен отырысына дайындық барысы туралы мәлімет берді.
Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Минскіде өтетін ҰҚШҰ-ға қарасты СІМК, ҚМК және ҚКХК-нің кезекті бірлескен отырысына қатысатынын растады», – делінген ақпаратта.