Қазақстанда демалыс күндері 0 градусқа дейін суық болады

Синоптиктер 13-15 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері республиканың басым бөлігінде фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

13-14 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысында, 14 қыркүйекте Жетісу облысының таулы аудандарында, 15 қыркүйекте Маңғыстау облысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі.

Сондай-ақ республика бойынша жел күшейіп, солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, орталықта, республиканың оңтүстік-шығысында түнгі және таңғы сағаттарда тұман түседі.

Синоптиктердің болжамынша, кей өңірлерде ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Мысалы:

 

  • елдің шығысында түнде 0-9°C, күндіз 10-22°C;
  • елдің оңтүстігінде түнде 10-16°C, күндіз 17-28°C;
  • орталықта түнде 1-9°C, күндіз 12-20°C жылы болады.

 

Солтүстікте, солтүстік-батыста күндіз ауа температурасының 12-19°C-қа дейін көтерілуі күтіледі.

Ауа райы Қазақстан өңір күз

Тақырыпқа жаңалықтар