Қазақстанда демалыс күндері ауа райы қандай болады?
«Қазгидромет» 28-30 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Елдің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Тек батыс және оңтүстік облыстардың таулы аймақтарында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты найзағай соғып, жаңбыр жаууы мүмкін.
Республика бойынша жел күшейіп, ал оңтүстікте шаңды дауыл тұруы мүмкін. Түнгі және таңғы уақытта солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде тұман түседі.
Күндізгі ауа температурасы батыста +18 +27°С, солтүстікте +10 +17°С, орталықта +15 +25°С,шығыста +12 +20°С, оңтүстікте +23 +30°С. Ал оңтүстік-батыста ауа температурасы сәл төмендеп, +13 +20°С шамасында болады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: