Қазақстан жаңалықтары•28 мамыр 2024, 0:06

Қазақстанда темекі қымбаттайды

Қазақстанда сүзгісі бар, сүзгісі жоқ сигареттерге, папиростарға белгіленген ең төменгі бөлшек сауда бағасы қымбаттады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Қаржы министрлігі әзірлеген бұйрық жобасы «Ашық НҚА» сайтында жарияланды.

Құжатқа сәйкес, 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап 2024 жылдың соңына дейін сүзгісі бар, сүзгісі жоқ 20 сигаретке, папиросқа, сигариллаға және электронды темекілерге ең төменгі сауда бағасын 820 теңге мөлшерінде бекіту ұсынылды. Ал 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі бағаны 870 теңгеге дейін белгілеу көзделеді.

Тиісті бұйрық жобасы 10 маусымға дейін қоғамдық талқылауға ұсынылады.

Қазақстан темекі Қымбатшылық
22 қазан 2026 • Қазақстан жаңалықтары
22 қазан 2026 • Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 18:30 • Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар