Қазақстан жаңалықтары1 желтоқсан 2025, 9:47

Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық неге азаймай тұр?

ІІМ Әкімшілік Полиция департаменті Отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес басқармасының бастығы Ақмарал Серікбаеваның айтуынша, биыл 10 айдың ішінде 3 мыңнан астам қылмыстық-құқық бұзушылық тіркелген, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бұл өткен жылдың 10 айымен салыстырғанда 22%-ға көп. Шағым түсірушілердің көпшілігі Жамбыл, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстарының тұрғындары.

Ал Астанадағы «Үміт» дағдарыс үйіне биыл күйеуінен қорлық көрген 60 әйел бала-шағасымен бас сауғалап келген.

ІІМ-не биыл осындай шарасыз күйде жүргендерден 52 мың шағым түскен. Арызданушылардың 80%-ы әйелдер. Мамандардың сөзінше, статистика былтырғыға қарағанда 17%-ға азайған. Алайда қылмыстық істердің саны артқан.

 

 

 

тұрмыс Зорлық Қазақстан Қылмыс
13 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары
13 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары
13 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары
13 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар