Қазақстандықтарға 70 мың теңге төленетіні рас па?

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тараған 1949-2010 жылдар аралығында туған Қазақстан азаматтарына 70 000 теңге берілетіні туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осылай деп мәлімдеме жасады. Сондай-ақ жалған ақпарат тарату заңмен жазаланатынын ескертті.

«Әлеуметтік көмектің мұндай түрі жоқ екенін хабарлаймыз. Тиісінше, көрсетілген сілтеме алаяқтар үшін азаматтардың жеке деректерін алу тәсілі болуы мүмкін. Алаяқтармен өзара әрекеттесуді болдырмау үшін сілтемеге өтпеуге кеңес береміз. Мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек 1414 нөмірінен SMS-хабарламалар арқылы таратылады», - делінген министрлік хабарламасында.

төлем қазақстандық Адам жалған

Тақырыпқа жаңалықтар