Қол астындағы жігітті зорлап, «ВИЧ» жұқтырған бар директоры 5 жылға сотталды

Сот оның кінәсін дәлелденген деп танып, жыныстық зорлық жасағаны үшін жаза тағайындады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ал АИТВ жұқтыру бойынша жауапкершіліктен мерзімнің өтуіне байланысты босатылды.

Жалпы сотталушыға екі бап бойынша кінә тағылған:

120-бап 1-бөлігі "Зорлау";

118-бап 1-бөлігі "АИТВ жұқтыру қаупін қасақана төндіру".

Сот кінәліні 5 жылға соттады. Бар директоры жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

Айта кетейік, былтыр жазда Алматыда ЛГБТ-белсенді Амир Шайкежанов өз қызметкерін зорлады және ВИЧ жұқтырды деген айыппен ұсталып, қамауға алынған еді. Іс әлеуметтік желіде кең тарап, резонанс тудырған.

сот Қылмыс Жаза Зорлық

Тақырыпқа жаңалықтар