“Қоқыс жәшігіне құлаған”: Ақтауда әйел жантүршігерлік жағдайда қаза тапты

Ақтауда тұрғын үйлердің бірінің маңынан әйелдің денесі табылды. Алдын ала мәлімет бойынша ол сегізінші қабаттан құлаған, деп хабарлайды Arbat.Media.

29 шілдеде әйел тұрғын үйдің кіреберісінде орналасқан қоқыс жәшігіне құлаған. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарап кетті.

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Ведомствоның баспасөз қызметі мәліметінше, марқұм құқық қорғау органдарының қызметкері болмаған. Бұған дейін БАҚ-та әйел полицияда жұмыс істеді деген болжам тараған еді.

Әйел терезе секірді Ақтау

Тақырыпқа жаңалықтар