Қостанай облысында басшы 11 кәсіпкерді 140 млн теңгеге алдап кеткен
Ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізумен айналысатын ЖШС басшысы Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және басқа да облыстардың кәсіпорындарымен өнімдерді жеткізу шартын жасасып, алдын ала төлем алған, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бірақ нақты жөнелтілімдерді жүзеге асырмай, логистика туралы жалған мәлімет берген.
Қылмыстық іс Қостанай қаласының №2 сотына жолданды.
Айыпталушы 10 жылға дейін сотталып, мүлкі тәркіленіп, белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылуы мүмкін.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: