Новости: Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығы - Қазақстандағы жалғыз еуразиялық порталдағы соңғы жаңалықтар тізімі. туралы жаңа ақпаратты оқыңыз 【Ауыл шаруашылығы】 жаңалықтар Arbat media
Қазақстан ауыл шаруашылығы техникасы өндірісін арттыруды жоспарлап отыр
11 қараша 2024 / Новости Казахстана

Қазақстан ауыл шаруашылығы техникасы өндірісін арттыруды жоспарлап отыр

Елімізде импортты алмастыру және бәсекелестік артықшылықтарды арттыру мақсатында ауыл шаруашылығы саласын дамыту бойынша пәрменді шаралар қабылданып келеді. АӨК-ті жеңілдікпен қаржыландыру көлемі өсіп, субсидиялау жүйесі реформалануда, ауыл шаруашылығы техникасы өндірісі мен лизингі көлемі артып келеді. Мұның барлығы өз нәтижесін беріп, Қазақстан бүгінде ішкі қажеттіліктерді қамтамасыз етуге күш салып қана қоймай, ауыл шаруашылығы өнімдері экспортын арттыруға ұмтылуда. 

Қазақ ғалымдары жасаған «Таймас» бидайының сапасы шетелдік және отандық сорттардан асып түсті
27 тамыз 2024 / Новости Казахстана

Қазақ ғалымдары жасаған «Таймас» бидайының сапасы шетелдік және отандық сорттардан асып түсті

Серік Жұманғарин Ақмола облысындағы А. И. Бараев атындағы Астық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығына барды. Климаттың өзгеруі — ғылыми өндірістік орталықтың қызметтік бағытын анықтайтын негізгі зерттеу жұмысының бірі. ҒӨО құрғақшылыққа және ыстыққа төзімді дәнді дақылдарды, дәнді-жемшөп дақылдарын, көпжылдық бұршақ және азықтық шөптерін іріктеумен, тұқым шаруашылығымен және коммерцияландыру жұмыстармен айналысады.

Агро-кәсіпорындарға жеңілдетілген жаңа несие бағдарламасы іске қосылады
23 тамыз 2024 / Новости Казахстана

Агро-кәсіпорындарға жеңілдетілген жаңа несие бағдарламасы іске қосылады

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков аграрлық саланы қаржыландыру тетіктері туралы айтып берді. «Үкіметтің қолдауымен егін егу және егін орағы жұмыстарына жылына 5% мөлшерлемемен 580 млрд теңге бөлінеді. Оның ішінде 100 млрд теңгесі жеңілдетілген лизингке бағытталған. 2025 жылы 5% мөлшерлемемен көктемгі егіс және егін орағы науқанын жеңілдетілген қаржыландыру жалғасады. Несиені ұзартудың салдарынан кепілдіктердің болмау мәселесін шешу мақсатында «Даму» қоры арқылы несиелерді кепілдендіру механизмі енгізілді. Ол несие сомасының 85 пайызын кепілдендіруге мүмкіндік береді», - деді Е.Тасжүреков. 

Өзбекстан мен Түркия ауыл шаруашылығы саласына кадрларды бірлесіп дайындайды
2 тамыз 2024 / Евразия

Өзбекстан мен Түркия ауыл шаруашылығы саласына кадрларды бірлесіп дайындайды

Өзбекстан мен Түркия ауыл шаруашылығы саласына кадрларды бірлесіп дайындайтын болады. Елдер университеттердегі базалық білімді де, бар мамандарды қайта даярлауды да жаңғыртуды жоспарлап отыр. Өзбекстанның Экономика және қаржы министрі Джамшид Кучкаров Түркиядан келген делегациямен жұмыс кездесуін өткізіп, аграрлық саясат саласындағы ынтымақтастықты ілгерілету мәселелерін талқылады. 

Мемлекеттік қолдау: Фермерлерге — 114,7 млрд теңге
23 маусым 2024 / Новости Казахстана

Мемлекеттік қолдау: Фермерлерге — 114,7 млрд теңге

Агроөнеркәсіп кешенді субсидиялауда уыл шаруашылығы министрлігі 14 бағытта шаруаларды мемлекетт тарапынан қолдап жатыр. іЕлімізде 270 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері бар. Оның 18 мыңнан астамы ірі заңды тұлға, қалғаны шағын және орта шаруа қожалықтары. Қазір мемлекеттік субсидиялау жүйесінде 90 мың белсенді тіркелген.

Еурокеңес Ресей мен Беларусь ауыл шаруашылығы тауарларына баж салығын бекітті
19 сәуір 2024 / Мир

Еурокеңес Ресей мен Беларусь ауыл шаруашылығы тауарларына баж салығын бекітті

Еуропалық Кеңес ЕО-ға Ресей мен Беларусьтен астық, майлы дақылдар мен олардың өнімдерін, соның ішінде бидай, жүгері және күнбағыс ұнын импорттауға баж салығын одан әрі енгізуге шақырды. Сонымен бірге Еуропалық Одақ пен оған мүше елдердің басшылары бұл тауарлардың дамушы елдерге транзитіне әсер етпейтінін қамтамасыз ету қажет екенін атап өтті.

Өзбекстан билігі жастарды ауыл шаруашылығына тартпақшы
9 сәуір 2024 / Евразия

Өзбекстан билігі жастарды ауыл шаруашылығына тартпақшы

Өзбекстан билігі өзбек жастарын ауыл шаруашылығына тартпақшы. 60 мың гектарға жуық жерді электронды аукцион арқылы сату және республиканың жас азаматтарына жалға беру жоспарлануда. Өзбекстан билігі жастардың табысын арттырып, жұмыспен қамту үшін жаңа бағдарлама енгізуге шешім қабылдады. Оларға ауыл шаруашылығын дамыту үшін жалға жер телімдері берілмек. Республика президенті Шавкат Мирзиеев тиісті жарлықты бекітті.