Қостанай облысында үш тәртіп сақшысы қамауға алынды
Күдіктілер Рудный қаласы полиция басқармасында қызмет еткен, деп хабарлайды Arbat.Media.
Оларды 17 наурызда облыстық полиция департаментінің жеке қауіпсіздік бөлімшесі мен өңірлік ҰҚК ұстады.
Жергілікті БАҚ хабарлауынша, полиция қызметкерлері пара алды деген күдікке ілінген.
«Рудный қаласы полиция басқармасының үш қызметкері құқыққа қайшы әрекеттер жасады деген күдікпен ұсталды», - дейді департаменттегілер.
Қылмыстық іс тергеліп жатыр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: