Қостанайда трактор кабинасын шығаратын кәсіпорын құрылады
Қостанай облысының индустриялық аймағында екі жоба қолға алынады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Оның бірі (құны 8,3 млрд теңге, 100 жұмыс орны) трактор кабинасын шығаратын өндіріс ошағын іске қосады. Бұл кәсіпорын жыл сайын бюджетке 180 млн теңге салық төлейді деп көзделген.
Ал екінші жоба – көлік шанағы мен коммуналдық техниканың қосымша жабдықтарын шығаратын өндіріс ошағы.
Бұл өндіріс 180 жұмыс орнын ашады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: