Қостанай облысы

Қостанай облысы - Қазақстандағы жалғыз еуразиялық порталдағы соңғы жаңалықтар тізімі. туралы жаңа ақпаратты оқыңыз 【Қостанай облысы】 жаңалықтар Arbat media
Вчера, 10:23 / Новости Казахстана

Мас күйде көлік айдаған бас имам қызметінен босатылды

Қостанай облысының бас имамы Бахытбек Тәжімбет 15 тәулікке қамалып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Отандық бұқаралық ақпарат құралдарында Қостанайдың бас имамы Бақытбек Тәжімбеттің мас күйде көлік жүргізгені туралы ақпарат пайда болды. Бейресми мәліметтерге сүйенсек, бас имам 23 шілде күні түнгі клубтардың маңынан масаң күйде «Toyota Highlander» маркалы көлігін жүргізіп жатқан жерінен ұсталған. 

9 сәуір 2024 / Новости Казахстана

Қостанай облысында 28 елдімекен жарықсыз қалды

Қостанай облысында 28 елді мекен жарықсыз қалды. Апаттық ажыратылуы себепті 28 елдімекен электрмен жабдықтаусыз қалып отыр. Бүгінгі күнде электр бағандары суда қалған. Бұл оларды қалпына келтіру жұмыстарын қиындатуда. Су кеткеннен кейін жұмыс жалғастырылатын болады.

8 сәуір 2024 / Новости Казахстана

Қызылордалық құтқарушылар Ақтөбе мен Қостанай облысына аттанды

ызылорда облыстық төтенше жағдайлар саласының мамандары қазір Қостанай және Ақтөбе облыстарында тасқын суға қарсы күрес жұмыстарын жүргізіп келеді. Бүгінде Қостанай және Ақтөбе облыстарында қызылордалық 66 құтқарушы қызметін атқарып жүр. Олардың еншісінде 9 арнайы техника, 4 қайық, 20 мотопомпа бар.

7 сәуір 2024 / Новости Казахстана

Қостанай облысындағы Қаратомар су қоймасы 99% толды

Қостанай облысы әкімінің орынбасары Арман Әбенов өңірдің су тасқынымен қалай күресіп жатқанын айтып берді. Шенеуніктің айтуынша, облыстың оңтүстігіндегі су тасқыны жағдайы тұрақталды. Күш Қостанай облысының басқа аудандарына бағытталды. Қазір Қаратомар су қоймасы қарқынды толып жатыр (99%). Сондай-ақ, Қостанайға қарай қуаты секундына 2 640 текше метр су ағып жаты.

30 наурыз 2024 / Новости Казахстана

Балалар ауруханасын жөндемеген мердігерге 921 миллион аударған

Қостанай облысының прокуратурасы тексеру комиссиясымен бірлесіп облыстық балалар ауруханасының ғимаратын күрделі жөндеуге бөлінген бюджет қаражатына тексеру жүргізді. 2020 жылғы 21 шілдеде «Қостанай облыстық балалар ауруханасы» КМК тапсырыс берушісі мен «Вершина» ЖШС мердігері арасында 1,2 млрд теңге сомасына ғимаратты күрделі жөндеуге шарт жасалды.

8 наурыз 2024 / Новости Казахстана

Ұлттық жобаға бөлінген 3 млрд теңгені жымқырғандар ұсталды

Қаржылық мониторинг агенттігінің Қостанай облысындағы қызметкерлері ет өңдеумен айналысатын Beef export group ЖШС кәсіпорнының ұлттық жоба аясында бөлінген бюджетті талан-таражға салғанын анықтады. Қазір істің соталды тергеуі аяқталды.