Қырғызстанда сотталғандарға мемлекеттік қызметке орналасуға тыйым салынды

Қырғызстанда сотталғандарға мемлекеттік лауазымдарды атқаруға және президент пен парламенттік сайлауға қатысуға тыйым салынды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қырғызстанда соттылығы бар азаматтар, Жогорку Кенешке үміткер бола алмайды. Сонымен қатар, олар министрлер кабинетінде жұмыс істей алмайды. Олар тіпті үкіметтің төрағасы немесе мүшесі бола алмайды. Ұлттық банк басшылығы және Есеп палатасының аудиторы ретінде жұмыс істей алмайды.

Бірақ абайсызда немесе ақтау негіздері бойынша сотталғандар бұл талапқа кірмейді.

Сондай-ақ, жаңа заң бойынша бұрын теріс діни ағымда болғандарға да сайлауға қатысуға бес жылдық тыйым салынды.

Құжатта бұл өзгерістердің негізгі мақсаты — мемлекеттік қызметшілердің беделін арттыру және азаматтардың мемлекетке деген сенімін нығайту екендігі айтылған.

 

Ақпарат Қырғызстан сайлау Президент

Тақырыпқа жаңалықтар