Қазақстан жаңалықтары8 сәуір 2024, 15:20

Ресейде Қазақстаннан келген автобус апатқа ұшырады, қаза тапқандар бар

Ресей Федерациясының Самара облысында Қазақстаннан келген автобус апатқа ұшырады, құрбан болғандар бар, деп хабарлайды РФ Ішкі істер министрлігі Бас басқармасының Мемлекеттік жол инспекциясы, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

Ресей ІІМ Самара облысы бойынша Бас басқармасының мемлекеттік жол инспекциясының бастығы Юрий Некрасовтың айтуынша, 8 сәуірде шамамен сағат 01:00-де Кинель ауданында автобус жол апатына ұшырады.

Мемлекеттік автоинспекция қызметкерлері жинаған материалдардарға қарағанда, SCANIA автобусын басқарып келе жатқан жүргізуші «Урал-Муханово» тасжолының 26-шы шақырымында жылдамдықты асырып, аударылып қалды.

Оқиға орнында 2 жолаушы қаза тапты, 10 жолаушы медициналық мекемеге жеткізілген.

Бұл автобустың Қазақстанда тіркелгені анықталды. Ол Өзбекстан азаматтарын тасымалдап жүрген. Автобус Шымкент-Нижний Новгород бағытымен келе жатқан болатын.

Оқиға орнында жедел-тергеу тобы, облыстық мемлекеттік жол инспекциясының басшылығы және РФ ІІМ аумақтық департаменті жұмыс істеп жатыр.

Алдын ала болжам бойынша, автобус жүргізушісі рульге ие бола алмай, арыққа түсіп кеткен, артынша көлік аударылған.

Кинель ауданаралық прокуратурасы жол қозғалысы қауіпсіздігі туралы заңнаманың орындалуын тексерді, оның қорытындысы бойынша істі прокурордың қарау мәселесі шешілетін болады.

Ресей қазақстандық автобус автобус апаты қаза тапқандар

Тақырыпқа жаңалықтар