Ресейлік байкерге шабуылдаған адам сотталды
Жамбыл облысында ресейлік байкерге шабуыл жасаған күдіктіге сот үкімі шықты, деп хабарлайды Arbat.Media.
Сәуір айында жанармай бекетінде ресейлік байкер пышақталған еді. Шабуылдаушы мұны «мотоциклистерге деген жеке жеккөрушіліктен» жасағанын айтқан.
Оған «қасақана адам өлтіруге оқталу және суық қаруды заңсыз алып жүру» бабы бойынша айып тағылды.
Прокурор 15 жыл түрме мен 393 200 теңге айыппұл сұраған.
Сот үкімімен айыпталушы 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды. Жазаны жеңілдететін жағдай ретінде оның кәмелетке толмаған балаларының бары ескерілді.
Сонымен қатар жәбірленушіге 500 мың теңге моральдық өтемақы мен 1,3 миллион теңгеден астам материалдық шығынды өтеу міндеттелді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: