Рудный қаласындағы ERG шахтасында жарылыс болды

Төтенше жағдай «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігінің» шахтасында болды. Рудалық үйінділерді жою кезінде машинист жарақат алды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бұл ақпаратты кәсіпорынның баспасөз қызметі растады.

«Шахтадағы ірі руда кесектерін жарылғыш зат қолдану арқылы жою барысында жарылыс болды. Соның салдарынан машинист жарақат алып, қалалық ауруханаға жеткізілді. Қазір оған медициналық көмек көрсетілуде», — деп хабарлады шахтаның баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Тергеу «Еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бабы бойынша жүргізіліп жатыр.

«Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу басталды, барлық мән-жайлар анықталуда», — деп хабарлады Қостанай облысы полиция департаменті.

Рудный Шахта Жұмысшы Жарылыс

Тақырыпқа жаңалықтар