Рудныйда 19 жастағы жігітті өлтірген екі күдікті Көкшетауда ұсталды

Рудныйда 19 жастағы жігітті өлтірген екі күдікті Көкшетауда ұсталды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ақпаратты Қостанай облыстық полициясы растады.

"Жастар бір-бірімен таныс болған. Олардың арасындағы жанжалдың арты адам өлімімен аяқталды", - дейді полицейлер.

Рудный қаласының әкімі Виктор Ионенко марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Естеріңізге сала кетсек, 23 қаңтарда көпқабатты үйдің кіреберісінде 19 жастағы жігіт пышақ жарақатынан көз жұмған еді.

Екі күдікті де - кәмелет жасқа толмаған.

Рудный жігіт полиция Қылмыс

Тақырыпқа жаңалықтар