Рудныйды «шулатқан» әйелге жаза тағайындалды

Рудный тұрғыны қоғамдық тылқылау кезіндегі дөрекі әрекеті үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Полицияның мәліметінше, оқиға 21 қараша күні Рудный қаласында қоғамдық тыңдаулар кезінде болған.

«Талқылау барысында әйел адам регламентті өрескел бұзып, бейәдеп сөздер айтып, өзіне тән емес дөрекі мінез көрсеткен. Мұндай әрекет тыңдауға қатысушыларға құрметсіздік және қоғамдық тәртіпті бұзу ретінде бағаланған. Материалдар әкімшілік сотқа жіберілді», – деп мәлімдеді полиция басқармасының баспасөз қызметі.

Нәтижесінде әйел адам кінәлі деп танылып, оған 20 АЕК мөлшерінде – 78 640 теңге айыппұл салынды.

Айта кетейік, Қостанай облысы Рудный қаласында екі көшенің атын қазақша өзгерту тақырыбы талқыланды. Тұрғындар Иван Франко көшесіне Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың есімін, ал Октябрьдің 50 жылдығы көшесіне Достық атауын беруді ұсынған.

Екатерина Корчагина қала көшелеріне қайта ат қоюға қарсы шықты. Ол жаңа атау лар денсаулық сақтау мен инфрақұрылым мәселелерін шешпейтінін мәлімдеді. Бұдан бөлек, ол «Рудный қаласы Кеңес үкіметінің арқасында пайда болды» деді.

Рудный Қостанай тұрғын Айыппұл

Тақырыпқа жаңалықтар