Шерзат Полаттың үйін өртеген кім?: Прокуратура жағаұстатар ақпарат айтты
Алматы облысының прокуратурасы Шерзат Полаттың үйіндегі өрт фактісі бойынша тергеу жұмыстары тоқтатылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Былтыр 12 қазан күні Азат ауылындағы Қаржаубай Нұрымовтың үйін кім өртегені сол күйі табылмады.
«Қаржаубай Нұрымовтың үйіндегі өрт фактісі бойынша қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу мерзімі қылмыстық-процестік кодекстің 45-бабы 7-бөлігінің 5-тармағына сәйкес (құқықтық көмек көрсету бойынша іс жүргізу әрекеттерін орындауға байланысты) тоқтатылды», деп хабарлады прокуратура.
Еске салайық, 16 жастағы марқұм Шерзат Полаттың отбасы тұратын үй былтыр қазанда өртке оранды. Оқиға орнына ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов барды. Сондай-ақ ІІМ Талғар ауданында үйді өртеу қылмысы бойынша барлық айғақтар алынып, қажетті сараптамалар жүргізіліп жатқанын мәлімдеген еді.