Сот Bek Air ұшағы апатында қаза тапқан ұшқыштарды кінәлі деп таныды

Сот Bek Air ұшағы апатында қаза тапқан ұшқыштарды кінәлі деп таныды. Мейіржан Молдақұлов пен Марат Мұратбаев 12 адам қаза тапқан апатта ұшу қауіпсіздігі ережелерін бұзды деп айыпталды, деп хабарлайды Arbat.Media.

«Марат Мұртабаев пен Мейіржан Молдақұлов Қылмыстық кодекстің 344-бабы 3-бөлігі бойынша («Адам өліміне әкеп соққан әуе көлігін пайдалану немесе қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін бұзу») кінәлі деп танылсын. Оларға жаза тағайындалмайды, себебі екеуі де қаза болған», – деді судья.

Алайда олар қайтыс болғасын сот жаза тағайындаған жоқ.

Процессуалдық шығындар (1,7 млн теңге) мемлекеттік есебінен өтеледі. Bek Air компаниясының мүлкіне салынған тыйым азаматтық істер шешілгенше сақталады.

Ал Жәбірленушілер жалпы 4,8 млрд теңге көлемінде материалдық өтемақы талап еткен.

 

сот ұшқыш Bek Air Ұшақ

Тақырыпқа жаңалықтар