Қазақстан жаңалықтары22 қаңтар 2026, 18:40

Студент ұшақта жолаушының өмірін сақтап қалды

Студент ұшақта жолаушының өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Астана-Шымкент бағытындағы SCAT әуе компаниясының рейсінде ер адамның жағдайы кенеттен нашарлап, есінен танып қалған.

Бортта медицина қызметкерлері болмағандықтан, Қарағанды медицина университетінің 7-курс студенті Дінмұхаммед Шегебаев жолаушыға алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Нәтижесінде жолаушының жағдайы тұрақтанып, ұшақ қонғаннан кейін жедел жәрдем қызметіне тапсырылды.

Ұшақ Студент Адам жағдай
Бүгін, 9:27 Қазақстан жаңалықтары
Бүгін, 11:30 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 9:18 Қазақстан жаңалықтары
Бүгін, 10:33 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар