Шығыста ауа температурасы -18 градусқа дейін төмендейді

«Қазгидромет» мәліметінше, 16–18 сәуір аралығында батыстан шығысқа қарай жылжитын циклон әсерінен ел аумағында тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Кей жерлерде жаңбыр мен қар жауып, жекелеген өңірлерде жауын-шашын күшеюі мүмкін.

Кезеңнің соңына қарай республиканың солтүстік, шығыс және орталық аймақтары солтүстік антициклонның ықпалына өтеді. Соның салдарынан ауа температурасы төмендеп, тұман түсіп, жел күшеюі ықтимал. Бұл өңірлерде көктайғақ болуы да мүмкін.

Кезеңнің басында солтүстікте түнгі ауа температурасы -1…-8°С, күндіз +1…+8°С шамасында болады. Ал кезең соңында шығыста түнде -2…-18°С дейін төмендеп, күндіз 0…+13°С аралығында сақталады.

Елдің қалған аумағында температуралық фон айтарлықтай өзгермейді.

Ауа райы Климат шығыс мезгіл
14 сәуір 2026 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 17:17 Қазақстан жаңалықтары
14 сәуір 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар