16 тамыз 2024
/ Новости Казахстана
Атаулы әлеуметтік көмек алатын қазақстандықтардың табысы мен шығысы есепке алынады
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдері талқыланды. Мемлекет басшысы азаматтардың шығыстарын ескере отырып, атаулы әлеуметтік көмек көрсету тәсілдерін қайта қарау міндетін қойды. Осыған байланысты Отбасының цифрлық картасы мен мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың жүйелерімен интеграцияларды пайдалана отырып, әлеуметтік көмек көрсетуді трансформациялау күтілуде.