Шымкент пен Таразда жер сілкінді

Сейсмикалық станциялар 6 желтоқсанда Астана уақытымен 02:04-те жерсілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Эпицентр Алматыдан 565 км оңтүстік-батыста, Өзбекстан аумағында болған. Тараз бен Шымкентте дүмпу күші 2 балл деңгейінде сезілді.

Мамандар өзен арналарына, гидротехникалық нысандарға және сел жүру қаупі бар аумақтарға мониторинг жүргізді. Зиян келтірілген объектілер анықталмады. Жүйелер қалыпты жұмыс істеп тұр. Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат жоқ.

Шымкент Тараз жер сілкінді Эпицентр

Тақырыпқа жаңалықтар