Шымкентте ер адам екі ұл баланы зорлады деген күдікке ілінді
Шымкентте ер адамның үстінен екі бірдей ұл баланы зорлады деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Шымкент қаласында кәмелетке толмаған екі балаға жыныстық зорлық көрсетті деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды. Жәбірленушілердің туыстарының бірі күдікке ілінді.
Құқық қорғаушы Ләззат Рақышева әлеуметтік желідегі парақшасында осы оқиға жайлы жазды. Оның айтуынша, Human Rights Lawyers қорына бір әйел жүгініп, перзентханада болған кезде 9 жастағы ұлына туысының зорлық көрсеткенін айтқан.
«Дәл сол күндері туыстарының бірі баланы қатарынан үш күн бойы зорлаған. Кеше ғана сол адам екінші әпкесінің ұлын да шамамен бес күн бойы зорлағаны белгілі болды», – деп жазды Рақышева.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: