Шымкентте кәмелет жасына толмаған 2 қыз жыныстық құлдықтан құтқарылды

Шымкентте полицейлер 15 және 16 жастағы екі қызды жыныстық құлдықтан құтқарды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Екі жасөспірімді 22 жастағы қыз Алматы мен Тараздан алдап шақырған. Бойжеткен оларды пәтерге орналастырған, бірақ іс-әрекетін түсіндірмеген.

Босатылғаннан кейін қыздар Шымкент қаласының № 3 арнаулы әлеуметтік қызметтер орталығына орналастырылды. Оларға мамандао психологиялық көмек көрсетіп жатыр.

«Бізге келгенге дейін қыздарды алдымен жастарды бейімдеу орталығына жіберді. Алайда тергеу шаралары барысында олардың жыныстық қанаудың құрбаны болғандығы анықталды. Осыдан кейін ата-аналардың рұқсатымен олар біздің орталыққа ауыстырылды», деп хабарлады орталықтағылар.

Айта кетерлігі, соңғы бес жылда қалада адам саудасына қатысты 15 оқиға анықталған.

 

 

 

 

 

 

 

Шымкент Тараз Астана Қала

Тақырыпқа жаңалықтар