Шымкентте шетелдіктердің елге заңсыз кіруіне жағдай жасағандар ұсталды
Шымкентте шетелдіктердің елге заңсыз кіруіне жағдай жасағандар ұсталды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Күдіктілер ақшаға шетелдіктердің ел аумағына келуін ұйымдастырып, оларды заңсыз түрде заңдастырумен айналысқан.
Операция барысында 28 тінту іс-шарасы жүргізілді.
Нәтижесінде ондаған шетелдік паспорт, жалған еңбек шарттары мен тіркелмеген қару тәркіленді.
Қылмыстық топтың ұйымдастырушысы уақытша ұстау изоляторына қамалды.
13 адам полицияға жеткізілді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: