Қазақстан жаңалықтары12 желтоқсан 2023, 14:24

Ұлттық қор: Балаға ақша аудару қай жағдайда тоқтатылады

Ұлттық қордан бала шотына төлем аудару қандай жағдайда тоқтатылады, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Ұлттық қор төлемін аудару бала қайтыс болған жағдайда тоқтатылады. Бұл жағдайда мұрагерлік құқығы күшіне енеді. Ондай баланың мұрагері кім бола алатыны Азаматтық кодекстің айрықша бөлігінде көрсетілген. Яғни, әр баланың мұрагері нақты жағдайы бойынша анықталады», - деді Қаржы министрлігінің бюджеттік кредиттеу, ұлттық қор және қаржы секторы мәселелері жөніндегі өзара іс-қимыл департаментінің директоры Айбол Арғынғазин.

Министрлік өкілі баладан мұра ретінде қалған Ұлттық қор ақшасын заңды мұрагер өз қалауынша пайдаланады.

«Баланы жоғалту ата-ана үшін өте ауыр қайғы екенін түсінеміз. Сондықтан ол ақшаны нақты бір мақсатқа пайдалану керек деген талап қоймаймыз. Яғни, ата-ана болсын, заң аясындағы басқа да мұрагерлік құқығына ие адам болсын, қайтыс болған баладан қалған Ұлттық қор ақшасын өз қалауына қарай пайдалана алады. Сондай-ақ, бала Қазақстан азаматтығынан айырылған кезде Ұлттық қор төлемін аудару тоқтатылады», - деді ол.

Ұлттық қор балаға ақша аудару өлім мұрагерлік

Тақырыпқа жаңалықтар