26 шілде 2024
/ Новости Казахстана
БЖЗҚ: 260 мыңдай қайтыс болған салымшының 27,8 млрд теңгесі сақтаулы тұр
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қайтыс болған салымшылардың мұрагерлік рәсімделмеген шоттары туралы мәлімет берді. «Әлеуметтік кодекстің ережелерінде БЖЗҚ-дан, оның ішінде алушының қайтыс болуына байланысты зейнетақы жинақтарын төлеуді (жерлеуге және (немесе) мұрагерлерге) жүзеге асыру үшін негіздердің толық тізбесі айқындалған. Сәйкесінше, зейнетақы жинақтарының сомаларын алушы немесе оның мұрагері (мұрагерлері) осы соманы талап еткенге дейін ол БЖЗҚ есебінде болады», - деп жазады қор мамандары.