Ұлыбританиядан бір жасар Қазақстан азаматы елге қайтарылды

Ұлыбританиядан бір жасар Қазақстан азаматы елге қайтарылды, деп хабарлайды Arbat.Media.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің хабарлауынша, Ұлыбританияда дүниеге келген бір жасар қыз бала елге аман-есен қайтарылды.

«Бастапқыда Ұлыбританияның құзырлы органдары сәбиді британдық отбасыға асырап беру мүмкіндігін қарастырғандықтан аталған жағдай шұғыл әрекет етуді талап етті. Кішкентай отандасымызды елге қайтару үшін ҚР Сыртқы істер министрлігімен бірлесе отырып ауқымды жұмыс атқарылды. Біз сәбидің жақын туыстарын анықтадық. Әжесі мен әкесі баланы өз қамқорлығына алуға ниетті екендерін білген соң оны Қазақстанға қайтару туралы шешімге қол жеткіздік. Қазіргі уақытта бүлдіршін өз үйінде, туғандарының жанында», - делінген мәлімдемеде.

Сондай-ақ балаға қазақстандық үлгідегі туу туралы куәлік рәсімделген.

Ұлыбритания Бала қыз Қазақстан

Тақырыпқа жаңалықтар