Ұлытау облысында 4 баланың анасын өлтіріп кетті
Ұлытау облысында 4 баланың анасын өлтіріп кетті, деп хабарлайды Arbat.Media.
Марқұмның 33 жастағы азаматтық некедегі күйеуі күдікті ретінде танылды.
Желіде тараған ақпарат бойынша, Жәйрем кентінде ер адам әйелге оның дүкеніне келіп, шамамен 20 рет пышақ жарақатын салған.
Оқиғадан кейін күдікті өзін жаралап, ауруханаға жеткізілген.
Полиция қылмыстық іс қозғады.
«Ол тәулік бойы күзетте. Емі аяқталғаннан кейін ол тергеу изоляторына қамалады», - деді полициядағылар.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: