Жамбыл облысында әйел алаяққа алданғанын жасыру үшін үйіне ұры түскенін айтқан

Әйел өзінің алтындарын ломбардқа өткізіп, ақшаны белгісіз біреулердің шотына «трейдинг оқуы» үшін аударған. Кейінірек курстың жалған екенін және ақшаны қайтара алмайтынын түсінген соң, ол өз әрекетін отбасынан жасырмақ болған, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ол келініне тиесілі алтын және гауһар зергерлік бұйымдарды жасырып, өзін скотчпен байлап, үйге белгісіз адамдар кіріп, күш қолданып, оның мүлкін иемденді деп мәлімдеген.

Алайда полиция қылмыс туралы мәлімдеменің жалған екендігін анықтады.

Сот үкімімен әйелдің 2 жылға бас бостандығы шектеліп, пробациялық бақылауға алынды.

жамбыл облыс алаяқ Әйел

Тақырыпқа жаңалықтар