Жамбыл облысында «балаларды құлдықта ұстаған» адам ұсталды

Жамбыл облысында «балаларды құлдықта ұстаған» адам ұсталды, деп хабарлайды Arbat.Media.

«Күдікті ұсталып, уақытша қамау изоляторына жіберілді. Зардап шеккен балаларға тиісті медициналық және психологиялық көмек беріледі. Бұдан бөлек, жергілікті полиция қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеріс басталды» деп хабарлады ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешов.

Бұған дейін желіде кәмелетке толмаған екі баланың көмек сұраған видеосы тараған. Видеода балалар мал бағып жүргендерін, телефондарын тартып алғанын айтып, алған жарақаттарын да көрсетеді. Олар Жамбыл облысы Талас ауданында тұрған.

Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл облысында ер адам өгей ұлдарын құлдықта ұстағанын хабарладық. 

жамбыл Күдікті Қылмыс Бала

Тақырыпқа жаңалықтар