Жамбыл облысында тағы бір жасөспірім өзіне қол салды

Жамбыл облысының Байзақ ауданында тағы бір жасөспірімнің өлімі тіркелді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қайғылы оқиға Диқан ауылында болған. 16 жастағы баланың денесін сарайдан анасы тауып алған. Жақындарының айтуынша, оның бойынан бұған дейін алаңдатарлық мінез байқалмаған.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жасөспірімнің денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған.

«Байзақ ауданында кәмелетке толмаған баланың мәйіті табылуына байланысты Қылмыстық кодекстің тиісті бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.

жамбыл облыс Байзақ Жасөспірім
Бүгін, 16:32 Қазақстан жаңалықтары
Бүгін, 9:24 Қазақстан жаңалықтары
Бүгін, 17:17 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар