Алматыдан Астанаға ұшқан Air Astana ұшағы техникалық себеппен қайта оралды

12 тамыз күні Алматыдан Астанаға ұшқан Air Astana әуе компаниясының ұшағы біраз уақыттан кейін ұшу әуежайына қайта оралды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Жолаушылардың айтуынша, болжам бойынша әуе кемесі борттың герметизациясы бұзылғандықтан кері бұрылған.

Air Astana болған жағдайды растады. Әуе компаниясы нақтылағандай, KC855 рейсін орындаған Airbus A321 ұшағы техникалық себепке байланысты ұшу әуежайына қайта оралған. Алматыға қону қалыпты режимде сағат 21:18-де өтті.

"Рейсті қайта жалғастыру үшін Астанада тұрған әуе кемесі пайдаланылады. Осыған байланысты KC856 Астана – Алматы рейсі сағат 02:00-де, ал KC855 Алматы – Астана рейсі сағат 04:45-те орындалады. Кешіккен рейстердің жолаушылары өзгерістер туралы SMS-хабарламалар арқылы құлағдар етілді, күту уақытына тамақ және сусын ұсынылды", – делінген әуе компаниясының хабарламасында.

Ұшақ компания Әуе қонды
11 тамыз 2025 Қазақстан жаңалықтары
11 тамыз 2025 Қазақстан жаңалықтары
11 тамыз 2025 Қазақстан жаңалықтары
11 тамыз 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар