Жамбыл облысындағы сарбаз өлімі: Рота командирі қызметіне салғырт қараған
Жамбыл облысындағы сарбаз өліміне қатысты тың дерек шықты, деп хабарлайды Arbat.Media.
Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлімнің рота командиріне қатысты тергеу аяқталды.
Тергеу барысында рота командирі жеке құрамның қызмет атқаруын және қарумен жұмыс істеуін бақыламағаны, сондай-ақ қаза тапқан сарбаздың әріптестеріне қатысты билігін асыра пайдаланғаны анықталды.
Қажетті дәлелдер жиналып, қылмыстық іс сотқа жолданды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: